Украинадағы соғысқа қатысқан қарағандылық 6,8 жылға сотталды


29/11/2023
12:47 11622 0

Фото: Ашық дереккөзден

 

Қарағанды облысы Топар кентінің 34 жастағы тұрғыны Алексей Шомполов 6 жыл 8 айға сотталды.

 

Тергеу материалдарының мәліметінше, ол ресейлік «Вагнер» жеке әскери компаниясының құрамында болып, Украинадағы соғысқа барған. 

 

Айыпталушы сотта кінәсін мойындап, бұндай қадамға ақша қажет болған соң барғанын айтты.

 

«Вагнер» құрамында Украинамен соғысқаны үшін оған 240 мың рубль (1,2 млн теңге) төленген.

Поделиться

Нет комментариев.

29/11/2023 12:47
11622 0

Уведомление